Тегін медициналық көмек бойынша жедел желі жұмысын бастады
Енді Байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы Қазақстан тұрғындары тегін медициналық көмек және дәрілік препараттарды ұсыну мәселелері бойынша кеңес ала алады. Ол үшін 1414 тегін нөміріне қоңырау шалу жеткілікті.
Бірыңғай байланыс орталығы Міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыруға және медициналық көмекке қатысты барлық мәселелер бойынша кеңес береді.
Бірыңғай қолдау нөмірі бойынша тегін стоматологиялық қызметтерді кімге және қалай алуға болатынын, МӘМС-ке қандай қызметтер енгізілгенін, тегін дәрі-дәрмектерді кім және қалай алуға болатынын нақтылауға болады. Сондай-ақ, осы нөмір бойынша медициналық ұйымдарға шағымдануға болады.
Осы мәселелер бойынша консультацияны қолдаудың бірыңғай нөміріне қосылу сұрақтарды қайта бағыттау санын азайтуға көмектеседі. Бұл көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін де, сапасын да арттырады.
Бірыңғай байланыс орталығы олардың кіші түрлерін қоса алғанда, 1,3 мыңнан астам мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беретінін атап өтеміз. Бірыңғай нөмір бойынша ерекше қажеттіліктері бар азаматтардан өтінімдер қабылдау да жүзеге асырылады.
Соңғы уақытта байланыс орталығында қызмет көрсету сапасының айтарлықтай өсуі байқалды. Теру саны тоқсан сегіз пайызға дейін өсті, ал жауаптың орташа күту уақыты он бес секундқа дейін төмендеді.